Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (101.03-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

бекітілген

 

Резидент табысынан төлем

көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша

есебіне (101.03-нысан) қосымша

 

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы
 бойынша салық есептілігін (есебін) жасау
ережесі

(101.03-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агентінің төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуіне, есептеуіне және резиденттің кірістерінен төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығын уақтылы төлеуге арналған Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 144-бабына сай келетін салық агенті жасайды.

2. Есеп осы Есептің өзінен (101.03 - нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.03) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Есепке қосымша Есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10. Есеп жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.