Корпорациялық табыс сомасының салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (121.00 - нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы

бойынша есебіне (121.00-нысан) қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

 

Корпорациялық табыс сомасының салық есептілігін (есебін) жасау
ережесі

(121.00 - нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) күшіне Енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және сақтандыру сыйлықақылары түріндегі кірістерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын орналастырудан кірістерді мәлімдеуіне және ай қорытындысы бойынша Енгізу туралы Заңның 23-бабының 4-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескерумен Енгізу туралы Заңының 23-бабына сәйкес қызмет атқаратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Осы Ережелерде: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» -тең арифметикалық белгілері қолданылады.

5. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, бас таспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.