«Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 541 Бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 541 бұйрығы

 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдауын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу қол технологиясы бойынша немесе АБЖ терминалының көмегімен жүргізіледі.

Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында және/немесе электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) талап ету орны бойынша жеткізу қосымша ақы үшін жүзеге асырылады.»;

12-тармақта «депутат куәлігі» деген сөздерді «босқын куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

«32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.»;

мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.