2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 435-ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 109-ө бұйрығымен күші жойылды
«Кедейлік шегін анықтау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 1 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.