Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен
бекітілген
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
тұлғаларға қатысты жеке табыс салығы
және әлеуметтік салық бойынша
декларацияға (210.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2011.14.04. № 188 Бұйрығымен ереженің мәтініндегі «ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші, заңды тұлғалар» деген сөздердің алдында «акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін,» деген сөздермен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылды) (бұр.ред.қара)
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты жеке табыс салығы және әлеуметтік
салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(210.00-нысан)
(2011.14.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоксандағы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.