«Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының
2010 жылғы 30 қарашадағы № 04.2-40/181 Бұйрығы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен күші жойылды
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 4834 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында, 2007 ж., мамыр-шілде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесінде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өз қызметін Алматы қаласының аумағында жүзеге асыратын акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және онымен аффилиирленген тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде монополияға қарсы органның алдын ала келісімі қажет.»;
Алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтары 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: