(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КЕЛІСІМ (АЛМАТЫ Қ., 1993 Ж. 13 ЖЕЛТОҚСАН)

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы
континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру
қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты
келісім
(Алматы қ., 1993 ж. 13 желтоқсанда)

 

Осы редакция 2007 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ ҚР Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді қараңыз

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары,

Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, төменде КБР-дың шахталық ұшыру қондырғылары деп аталатын, континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын және стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да қызметке жәрдемдесу ниетiмен,

Қазақстан Республикасынан ядролық қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға жәрдемдесу ниетiмен,

Қазақстан Республикасының 1968 жылғы 1 шiлдедегi ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуы мiндетiн атай отырып,

төмендегiлер жайында келiстi:

І-бап

Тараптар ынтымақтасады және Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына ядролық қаруды жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге байланысты әр түрлi мақсаттарға жәрдемдеседі, сонымен бiрге:

а. КБР-дың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға;

ә. Қазақстан Республикасынан ядролық қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға;

б. Ядролық қаруды жою мақсатында оны Қазақстан Республикасынан алып шығуға байланысты апатты жағдайлардың салдарын жою мүмкiндiктерiн кеңейтуге; және

в. Қазақстан Республикасында тұрған стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да жәрдем көрсетедi.

II-бап

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.