«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 484 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 48-нқ бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық істері агенттігі төрағасының

2010 жылғы 4 қарашадағы № 484 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын
жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру»
мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) - өтініш берушіге жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді өзгерту бойынша оның ниетін іске асыруға құқық беретін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру рәсімі.

3. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 68-бабы 11-тармағы және «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысының негізінде көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.