Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жағдайын белгiлейдi.
I тарау
Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесi
1-бап. Республика Президентi
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадр-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
ҚР Қылмыстық кодексi қараңыз
2-бап. Республика Президентiн сайлау
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.