2001-сметалық-нормативтік базаның нормативтік-техникалық құжаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының
2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 571 бұйрығы
«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес және «2001-сметалық-нормативтік базаның нормативтік-техникалық құжаттарын бекіту туралы» Ғылыми-техникалық кеңесінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 12-4 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін және 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолдаңысқа енгізілсін:
1) «Ірілендірілген сметалық нормалар мен бағалардың жинақтары» ҚР ҚН 8.02-14-2005:
2-1-жинақ. Жер жұмыстары;
2-2-жинақ. Іргетастар;
2-4-жинақ. Аспалы төбелер;
2-5-жинақ. Шатырлар;
2-9-жинақ. Әрлеу жұмыстары;
2) «Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалардың жинағы» ҚР ҚБҚ 8.02-03-2002, 49*-жинақ. Сумен жабдықтау және кәріз;
3) «Құрылыс, жөндеу-құрылыс және монтаждау жұмыстарына арналған бірлік нормалары мен бағалары» (БНмБ) ҚР Б 8-04-1-2010:
Б1-жинақ. Іштей салынатын көлік жұмыстары;
Б3-жинақ. Тас жұмыстары;