«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 249 бұйрығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 249 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 677 қаулысымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 12-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орындауға жауапты Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

1) бекітілетін іс-шаралар жоспарын уақытылы және сапалы орындау жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Министрліктің Заң департаментіне іс - шаралар орындалу барысы туралы тиісті ақпараттың жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Баспасөз қызметі (А.Ө. Сандыбай) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына орналастыруды және Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 28 мамырдағы № 249

бұйрығымен бекітілген

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2009-2010 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

 

№ п/п

Іс-шаралар атауы

 

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

 

1

2

3

4

5

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.