«Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 665 бұйрығы (күші жойылды)

«Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша
қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а.
2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 665 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 11 қыркүйектегі, № 138 (1735); «Заң газетінде» 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1561), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың атауында «карт-шоттарындағы» деген сөз «ағымдағы шотындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесінде:

атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағымдағы шотындағы» «ағымдағы шот» деген сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:

атауындағы «лимитінің» деген сөз «шығындарын» деген сөзбен ауыстырылсын;

6-бағандағы «Шектеулер қою» деген сөздер «Шығындар тізбесі» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-баған алынып тасталсын:

111 «Еңбекақы» ерекшелігі бойынша:

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы»;

113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.