«Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 682 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы»
 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 385 қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 682 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер телімдерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1054 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шығыс Қазақстан облысының аумағында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылы 27 желтоқсандағы № 385, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2472, 2008 жылғы 16 ақпанда № 21-22 (15937) «Дидар», № 25-26 (18459) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;

аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.