«Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысы (2013.30.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 Қаулысы

(2013.30.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 34) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтер және талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1524 қаулысымен бекітілген

 

 

Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын

нормативтер және талаптар

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы нормативтер және талаптар теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу кезінде теңізді тазарту жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға міндетті болып табылады және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 34) тармақшасына және 95-бабының 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының немесе оның операциялық компаниясының теңіз акваториясында мұнайдың төгілуіне жедел ден қою және оның зардаптарын жою үшін жағдай жасау мақсатында әзірленді.

2. Мұнайдың төгілуіне байланысты авариялық жағдайлар градациясын ескере отырып, нормативтер үш деңгейде белгіленеді:

1-деңгей - жұмыстарды жүргізу кезінде теңіз құрылыстарында бар материалдар мен заттардың және құрылыс персоналының көмегімен жойылатын елеусіз төгілу (10 тонна мұнайдан аспайтын);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.