Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV шешімі
(2013.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Е. Оспанов |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
В. Редкокашин |
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 410/54-IV шешіміне
1-қосымша
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ережесі