Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 және 32-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы наркологиялық ұйымдардың мәртебесі мен өкілеттігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.24.09. № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы маусымда № 6 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінде:
5-тарауда:
Мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:
«335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары:
Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты - уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 төсегіне.
Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді.»;
339-тармақтың 3 абзацындағы «жасөспірімдер» деген сөз «балалар» деген сөзбен ауыстырылсын;