Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының мыналардың:
1) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 443 «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы»;
2) 2009 жылғы 10 қарашадағы № 442 «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы»;