2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № С-42/16 шешімі
Осы редакция 2011 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 147 126 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 937 831 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 189 497 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 802 672 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 6 217 126 мың теңге.
2) шығындар - 12 501 135 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -142 748 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 11 572 мың теңге
бюджеттік несиелерді өтеу - 154 320 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 100 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 100 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -311 261 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 311 261 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52 бабы 1 тармағына, Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 4С-29-2 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерде белгіленді:
1) облыс бюджетіне төлеу көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) облыстық бюджетке төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы - 100%;
3) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.