Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА
МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура
Мамандығы 6М110100 - медицина
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 6М110100 - МЕДИЦИНА
SPECIALITY 6М110100 - MEDICINE
ҚР МЖМБС - 7.09.108-2009
Мазмұны
4. Магистрантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы
5. Магистратураға түсетін тұлғаларға қойылатын талаптар
6. 6М110100 - «Медицина» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның негізгі міндеттері
7. 6М110100 - «Медицина» мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
8. Магистрлік білім беру бағдарламасының әзірленуіне және шарттарына қойылатын талаптар
9. Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарттың ережелерін магистранттарды дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының білім және ғылым ұйымдары, ведомстовалық бағыныстылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, қолдануға және оны сақтауға міндетті.
Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, білім беру және ғылым ұйымдарын лицензиялау және аттестаттау комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялар (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер қолдана алады. Сонымен бірге магистранттарды дайындау сапасын сараптау үшін негіз болып табылады.
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер»;
ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер»;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі.