1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже илек өндірісін жобалауға, салуға және қайта құруға таратылады.
2. Негізгі жабдықтардың конструкциясы мен технологиялық сызбасына өзгерістер енгізу жобалау мекемесі немесе дайындаушы-зауыттың келісімін алған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Қолданыстағы илек өндірісінде өндірістік бақылаудың технологиялық регламенті, апатты жою жоспары әзірленеді.
2-тарау. Ғимараттар мен имараттар
4. Терезе және шам түптеуіштерін ашуға арналған механизмдер жеңіл қол жетерлік және қызмет көрсетілуіне қауіпсіз жерде орналастырылады.
5. Цехтарда ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты, сондай-ақ, өндірістік ғимараттар шатырынан шаң мен мұзды, қарды жинауға арналған механикаландырылған құралдар қарастырылады.
6. Адамдар кіретін жерге қозғалыстағы составтың ғимаратқа кіруіне арналған қақпа орналастыруға тыйым салынады.
7. Илек цехтарында адамдардың қауіпсіз жүріп - тұруы үшін сәйкесінше өтетін жерлер, асу жол көпірлері мен тоннелдер салынады.
Цех пен шаруашылық ғимараттарды қосып тұратын тоннелдерден шығу орны көпірлік кран жұмысының төңірегінде орналасады.
8. Илек цехтарының едені мықты, тозуға жарамды материалдардан жасалынады, тегіс, сырғанамайтын болады. Өндіріс ғимараттарындағы жұмыс орындары әр ауысым сайын тазаланып тұрады.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.