«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 474 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 474 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 Бұйрығымен күші жойылды

 

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және республика халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы туралы ереже;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мамандарының номенклатурасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының тізімі бекітілсін.

2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарына лауазымдық жалақыдан 50% үстемеақы белгілеуді ұсынсын.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларында штаттан тыс бас мамандардың лауазымын енгізуді ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттағы және штаттан тыс бас мамандары туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 382, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 25 маусымдағы № 382 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 4 шілдедегі № 391, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілдедегі № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 633 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.