Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 257 Бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437, 439-баптарына сәйкес, «Electro form Ltd» (Электро Форм Лтд) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «КУБ Европа ГмбХ» (KYB Europe GmbH) жауапкершілігі шектеулі қоғамының зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау туралы және «Қазақстанның кондитерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау мерзімін ұзарту туралы өтініштерінің негізінде, сондай-ақ «Sunecho Limited» (Санэко Лимитед) компаниясының зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарын қорғау мерзімінің өтуіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН:
1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiніңкедендік тiзiлiмiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
00002/ТБ-060506 - 00031/ТБ-060506 тіркеу нөмірлерінің 6-бағанындағы «16.01.2011» деген цифрлар «03.02.2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тіркеу нөмірлері 00097/ТБ-300410, 00098/ТБ-300410 зияткерлiк меншiк объектiлері алынып тасталсын;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес зияткерлік меншік объектілері қосылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ. Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға | Қ-К. Кәрбозов |
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті
төрағасының 2011 жылғы 18 ақпандағы
№ 257 бұйрығына қосымша
Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмі