(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.24.12 № 38/340 ШЕШІМІ

2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/340 шешімі

 

Осы редакция 2011 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 75 бабынына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 2091 болып тіркелген) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 8 624 249 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 7 825 115 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 378 088 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 421 046 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 0 теңге;

2) шығындар - 8 624 249 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мыналар бойынша төмендегідей мөлшерде белгіленгені ескерілсін:

төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы - 8,3 пайыз;

біржолғы талондар бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы - 100 пайыз;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.