«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушының кепілдік жарнаны қайтару туралы осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып берген өтініші негізінде қайтарылады.

Сауда-саттықты ұтқан тұлғамен сатып алу-сату шартын жасау кезінде ол енгiзген кепiлдiк жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша мiндеттемелердi орындау шотына есептеледі.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Аукцион екі әдіспен:

бағаны көтеру;

бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.

Бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалған жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

Жекешелендіру объектісі бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеруге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.

Екінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі алғашқы бағаның жетпіс пайызы мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.

Үшінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі бастапқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.

Төртінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі бастапқы бағаның отыз пайызы мөлшерінде ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.

Бесінші жəне одан кейінгі сауда-саттықтарға жекешелендіру объектісі кепілдік жарна мөлшерінен төмен болмайтын ең төмен бағаны белгілей отырып, бағаны төмендетуге арналған əдіс қолданылатын аукционға шығарылады.

Әрбір кейінгі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-2. Жекешелендіру объектісі бірінші тендерге шығарылған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

Жекешелендіру объектісі екінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның жетпіс пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның елу пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі төртінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алғашқы бағаның отыз пайызына тең.

Жекешелендіру объектісі бесінші жəне одан кейінгі тендерлерге шығарылған кезде бастапқы баға кепілдік жарнаның мөлшеріне тең.

Әрбір кейінгі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3. Жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондар мен тендерлер мынадай негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:

1) аукционға немесе тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;

2) жалғыз қатысушының аукционда бастапқы немесе жарияланған бағаны растамауы немесе тендерде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын ұсынбауы;

3) аукцион немесе тендер жеңімпазының осы баптың 6-тармағында белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймауы.

Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы өткізілмеген аукцион немесе тендер туралы актіге қол қояды жəне жекешелендіру объектісі қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.

5. Сауда-саттықты ұтқан тұлға және сатушы аукцион немесе тендер өткiзiлген күнi сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Тараптар сатып алу-сату шартына сауда-саттық аяқталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс.

Сауда-саттықты ұтқан тұлға сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтарған кезде өзi енгізген кепiлдiк жарнасынан айрылады және кепiлдiк жарнамен жабылмаған бөлiгiнде сатушыға өзі келтірген нақты залалды өтеуге мiндеттi.

Сауда-саттықты ұтқан тұлға осы Заңның 93-бабының талаптарына сай келмейтін жағдайлардан басқа, сатушы сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға және сауда-саттықты ұтқан тұлғамен сатып алу-сату шартына қол қоюдан жалтаруға құқылы емес.

Сатып алу-сату шартының талаптары сауда-саттық талаптарына қайшы келмеуге тиiс.

Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарттарында мерзімдер туралы талаптар қамтылуға тиіс, осы мерзімдер ішінде сатып алушы кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жасайды.

7. Сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мүдделі адамдардың талап етуі бойынша оларға танысу үшін беріледі.

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Осы бапта белгiленген қағидаларды бұза отырып өткiзiлген сауда-саттықты сот мүдделi тұлғаның, тиісті уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Сауда-саттықты жарамсыз деп тану осындай сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жасалған сатып алу-сату шартының маңызсыздығына алып келеді.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Егер осы Заңның 102, 103 жəне 104-баптарында өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткізу кезiнде осы бапта белгiленген қағидалар қолданылады.

 

102-бап. Қор биржасындағы сауда-саттық

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сату туралы хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталардан кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануға және сауда-саттықтың басталу күні, сауда-саттықты өткізу орны, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.

Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы.

3. Сатушының бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысымен жасасқан шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен емес бағамен сату мiндеттемесі болуға тиiс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.

Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сату кезінде сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.

 

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 103-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

103-бап. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы өткізілетін конкурс

1. Екi кезеңдiк рәсiмдер арқылы болатын конкурс баға басымдығын және (немесе) жекешелендiрудің өзге де талаптарын айқындайтын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша тәуелсіз консультанттың қатысуымен өткiзiледi.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын:

1) осы Заңның 100-1-бабында белгіленген тəртіппен тəуелсіз консультантты тартуды;

2) тəуелсіз консультанттың жекешелендіру объектісіне жан-жақты талдау мен оның құнын бағалауды жүргізу, əлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) қойылатын талаптарды (қажет болған жағдайда) жəне жекешелендіру талаптарын əзірлеу, əлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшін жекешелендіру объектісі туралы ақпаратты қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды;

3) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабархатты қазақ жəне орыс тілдерінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жариялауын, сондай-ақ тəуелсіз консультанттың сату туралы ұсынысты талаптарға (болған кезде) сай келетін əлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) таратуын;

4) тəуелсіз консультанттың əлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары қамтылған өтінімдер тізбесін қалыптастыруын;

5) сатушының ең үздік ұсыныстарды ұсынған кемінде екі əлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында тəуелсіз консультанттың қатысуымен əлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) өтінімдерін ашуын (конкурстың бірінші кезеңі);

6) сатушының тəуелсіз консультанттың қатысуымен бірінші кезең жеңімпаздары арасында бұрын ұсынылған бағаны жəне (немесе) талаптарды жақсарту тұрғысынан сауда-саттық өткізуін (конкурстың екінші кезеңі);

7) конкурстың қорытындысын шығаруды қамтиды.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Конкурстың əрбір кезеңін өткізу қорытындысы бойынша сатушы, тəуелсіз консультант жəне конкурсқа қатысушылар оның нəтижелері туралы хаттамаға қол қояды.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

3-1. Конкурс екі кезеңдік рəсімдер арқылы өткізілген кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалған жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Конкурста жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын екі кезеңдік рəсімдер арқылы төмендетуге жол берілмейді.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Конкурстың екінші кезеңінің барысында ең жоғары баға жəне (немесе) ең үздік шарттар ұсынған әлеуетті сатып алушы (инвестор) конкурста ұтқан болып танылады.

5. Конкурстың жеңiмпазы сатушы белгiлеген мерзiмдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, ұсынысы конкурс жеңімпазының ұсынысынан кейін ең үздік болып танылған әлеуетті сатып алушымен (инвестормен) сатып алу-сату шартына қол қойылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Егер:

1) конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға екеуден аз өтінім тіркелсе;

2) конкурстың екінші кезеңіне екіден аз əлеуетті сатып алушы (инвестор) жіберілсе;

3) конкурс жеңімпазы сатушы белгілеген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.

Осы тармақта көзделген жағдайларда сатушы мен тəуелсіз консультант өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды жəне жекешелендіру объектісі қайтадан конкурсқа шығарылады.

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Əрбір кейінгі конкурс алдыңғы конкурс күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей өткізіледі.

 

104-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату

1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

2. Туынды бағалы қағаздарды сатудың негізгi талаптарын сатушы Қазақстан Республикасының Үкiметіне немесе жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады.

3. Туынды бағалы қағаздарды сату туралы шешiмде туынды бағалы қағаздар шығарылған, мемлекетке тиесiлi акциялардың саны, сатылатын туынды бағалы қағаздардың түрі, аумағында туынды бағалы қағаздарды сату жүзеге асыру көзделіп отырған шет мемлекет (шет мемлекеттер), мәмiленi аяқтаудың ең ұзақ мерзiмдерi туралы мәлiметтер, туынды бағалы қағаздардың меншiк иелерiнiң құқықтарын іске асырудың талаптары мен тәртібі және қажет болған жағдайда, өзге де талаптар болуға тиiс.

 

105-бап. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

105-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

106-бап. 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

107-бап. Объектiнi жекешелендiруге дайындау

1. Объектiнi жекешелендiруге дайындауды сатушы жүзеге асырады.

2. Объектiнi жекешелендiруге дайындау процесінде сатушы:

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 100-1-бабына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнын бағалауды жүргізеді;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) сатып алушының талап етуi бойынша жекешелендiру объектілерін ауыртпалықтары туралы ақпаратты дайындайды және ұсынады;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда

3) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;

4) жекешелендiру жүргiзудiң талаптарын, нысандары мен түрлерiн айқындайды, оны өткізуге дайындықты жүзеге асырады;

5) мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

6) жекешелендiрудi жүргізуге қажеттi басқа да iс-шараларды өткізедi.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекетт акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесi сату объектi болатын заңды тұлғалардың лауазымды адамдары объектi сатуға дайындау үш қажеттi мәлiметтердi сатушының сұратуы бойынша ол айқындайтын мерзімдерде табыс етуге міндетті.

Табыс етілген мәлiметтерд дұрыстығы, сондай-ақ меншік құқықтары сатып алушыға ауысқанға дейін жекешелендіру объектісінің сақталуы үш жауаптылық осы тармақта санамаланған заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына жүктеледi.

 

108-бап. Есеп айырысу тәртібі

1. Жекешелендiру объектілерін сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушының арасында жүргiзiледi.

2. Сатып алынатын объектiге ақы төлеу сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап отыз күн iшiнде жүргiзiлуге тиiс.

3. Ақыны бөліп-бөліп төлеуге ықтимал бөліп-бөліп төлеу шарттары сауда-саттыққа қатысушылардың назарына алдын ала жеткізілген жағдайларда ғана жол берiледi.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жекешелендiрiлетiн объектiнiң ақысын бөліп-бөліп төлей отырып сату кезiнде бастапқы жарнаның мөлшерi сату бағасының он бес пайызынан кем болмауға, ал ақыны бөліп-бөліп төлеу кезеңі үш жылдан аспауға тиіс.

Келесі сомаларды төлеген кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 282-бабында белгіленген ақшалай мiндеттемені орындау қағидалары қолданылады.

Бұл ретте кейіннен енгізілетін сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып пайыздар есепке жазылады.

5. Егер сатып алу-сату шартында қамтамасыз етудiң өзгеше тәсілі көзделмесе, сатып алушы сатып алған мүлiкке сатушының кепiл салу құқығы төлемдердi уақтылы өтеудiң қамтамасыз етiлуi болып қызмет етеді.

 

109-бап. Жекешелендіруден алынған қаражат

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Республикалық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, коммуналдық меншікті жекешелендіруден алынған қаражат тиісті жергілікті бюджетке жіберіледі.

Мемлекеттік материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сатудан алынған қаражатты пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен белгiленедi.

2. Жекешелендіру бойынша сауда-саттықты дайындау және өткізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

110-бап. Сатып алу-сату шартының орындалуын бақылау

1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарты талаптарының тиiсiнше орындалуын кейіннен бақылауды сатушы жүзеге асырады.

2018.10.01. № 134-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылау сатып алушының мiндеттемелердi орындауы аяқталған кезге дейiн жүргiзiледi.

Сатушы бақылауды жүзеге асыру үшiн сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты құжаттармен танысады және жұмысқа тиісті салалардың уəкілетті органдарының (жергілікті атқарушы органдардың) өкілдерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тартады.

Тиісті салалардың уəкілетті органдары (жергілікті атқарушы органдар) сатушыдан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде сатып алу-сату шарты талаптарының орындалуын бақылауға қатысу үшін өз өкілдерінен кандидатуралар ұсынады.

Бақылауды жүргізу үшін консультациялық, аудиторлық жəне өзге де ұйымдарды тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

 

111-бап. Жекешелендiрiлген кәсiпорынның меншік иесiнiң қоршаған ортаға келтiрілген залал үшiн жауаптылығы

1. Алдыңғы жекешелендiрудiң шаруашылық қызметі салдарынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына келтiрiлген залал үшiн жекешелендiру объектiсiнiң бұрынғы меншік иесi - мемлекет жауаптылықта болады.

2. Қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды, сондай-ақ экологиялық тәуекелдi жаңа меншiк иесiне бөлу немесе аудару оның келісімiмен ғана мүмкiн болады.

3. Жекешелендiруден кейін қалдықтарға меншiк құқығы, сондай-ақ қалдықтармен қауiпсiз жұмыс iстеу және оларды жою, жердi рекультивациялау мен қалпына келтiру жөнiндегі мiндеттемелер жаңа меншiк иесiне өтедi.

4. Қоршаған ортаға жаңа меншiк иесiнiң шаруашылық қызметiнен келтiрілген зиян үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

 

112-бап. Сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану және бұзу

1. Жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартын соттың жарамсыз деп тануына:

1) объектiнi сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға оны сату;

2) сатып алушыға заңсыз жеңiлдiктер мен артықшылықтар беру;

3) сауда-саттық жүргiзу тәртібін елеулi түрде бұзу;

4) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де негiздер негіз болып табылады.

2. Сатып алушы сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылғанға дейiн жекешелендiру объектiсiн кейіннен иеліктен шығарған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 260-262-баптарында көзделген қағидалар бойынша оны иеленушіден талап ету мүмкін болады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер тарап талап-арызды шартта келтірсе, сатып алу-сату шартының жарамсыз деп танылуына байланысты даулар бойынша талап қоюдың өту мерзi оған қол қойылғаннан күннен бастап үш жылды құрайды. Өзге мүдделi тұлғалар не прокурор талап-арыз келтірген жағдайда, даулар бойынша талап қоюдың өту мерзiмi шартты жарамсыз деп тануға негiз болып табылатын мән-жайлар туралы талапкер бiлген немесе бiлуге тиiстi болған күннен бастап алты айды құрайды, бірақ ол шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кеш болмауға тиiс.

4. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен бұзылуы мүмкін.

5. Сатып алу-сату шартының бұзылуы тараптардың шарт бұзылғанға дейінгі міндеттемелері бойынша өздері орындағандарын қайтаруына және шартты бұзған тараптың залалдарды өтеуіне әкеп соғады.

 

113-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жекешелендіру

Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жекешелендіру ерекшеліктері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

 

 

3-параграф. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың өзге де тәсілдері

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 114-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

114-бап. Мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу ақысына не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларын төлеуге) мүліктік салым ретінде беру

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды.

2. Коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге беру туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3. Стратегиялық объектілерге жататын мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдар акцияларын төлеуге беру стратегиялық объектілермен мәмілелер жасау жөніндегі талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мемлекеттік мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мемлекеттік мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге мүліктік салым ретінде пайдаланыла алмайды.

Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания акцияларын төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жағдайларда өзге де заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 59-бабы 1-тармағының және «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Осы баптың ережелері мемлекеттік мүлікті «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына (акцияларды төлеуге) мүліктік салым ретінде беру үшін де қолданылады.

 

115-бап. Жер учаскелерін иеліктен шығару

Жер учаскелерін жеке меншікке беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген арнайы рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

 

116-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.