«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы (2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды

15-3) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардағы акцияларды, үлестерді, пайларды және үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу туралы шешім қабылдайды, мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде осындай заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға береді;

16) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді шығарады;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті басқарады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

2-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін айқындайды;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, пайдалануға береді;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволарын қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының атынан өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;

7) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өндірген өнімін сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, оның ішінде пайдалануға беруге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі оған сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті шартта көзделген тәртіппен және талаптарда сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

9) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың қызметі бойынша есептерді қарайды және бекітеді, сондай-ақ олардың қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;

10) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын келіседі немесе белгілейді;

11) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік мүлік объектілері туралы мәліметтерді береді;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

11-1) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін айқындайды;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

13-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2) мемлекеттік мүлікті басқаруға талдау жасауды және оны бағалауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:

ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау;

ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;

4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекеттік мүлікті басқаруға дәйекті және объективті талдау жасау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылды; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4-1) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;

2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

4-2) акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-3) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін айқындайды;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4-4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібін айқындайды;

4-5) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

4-6) стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектілерге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлейді;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-7) тармақшамен толықтырылды

4-7) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-8) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесі) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-9) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-10) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу жəне шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 4-11) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-11) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне мемлекет ұсынатын кандидаттарға қойылатын ең төмен талаптарды əзірлейді жəне бекітеді;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыреті

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

3) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;

5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

6) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

7) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;

8) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кəсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

10) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді; тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісімін береді;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді;

12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады; республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделеріне өкілдік етеді, мемлекетке жатқызылатын мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асырады;

13) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді; республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті мүліктік жалға алуға (жалға беруге) талдау жүргізеді;

14) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асырады;

15) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырады;

16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

17) сенімгерлікпен басқарушының республикалық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;

20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;

21) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде - директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;

22) осы Заңның 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлікке өтем төлейді;

23) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;

24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 24-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-1) республикалық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлікті (активтерді) есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;

2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 24-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

24-2) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес басқарушы компанияның мүлікті (активтерді) басқару тиімділігін бақылауды жүзеге асырады;

25) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастырады;

2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдайды;

26) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды

26-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға береді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды

26-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп-ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 26-4) тармақшамен толықтырылды)

26-4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу арқылы салым енгізуді жүзеге асырады;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 26-5) тармақшамен толықтырылды)

26-5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқықтарын «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;

2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 26-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

26-6) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік кəсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы жəне ішкі қарыз алу құрылымы туралы мəліметтерді есепке алуды жəне бақылауды қамтамасыз етеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 26-7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-7) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сəйкес, Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тəуелсіз директорларды (тəуелсіз мүшелерді) іріктеу жөнінде ашық конкурс өткізеді;

2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 26-8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

26-8) Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес, Ұлттық əл-ауқат қорын жəне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тəуелсіз директорларының (тəуелсіз мүшелерінің) тізілімін жүргізеді жəне оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды;

27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.