Ұңғымаларды азотпен игеру бойынша әдістемелік ұсынымдар (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 35 бұйрығымен келісілген)

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігінің

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2010 жылғы 22 қазандағы

№ 35 бұйрығымен келісілген

 

 

Ұңғымаларды азотпен игеру бойынша
әдістемелік ұсынымдар

 

Мазмұны

 

1. Жалпы ережелер

2. Дайындық жұмыстары

3. Сұйық азотты резервуарға құю мен қотару

4. Ұңғыманы азотпен игеру

5. Азоттағы газдандыру қондырғысын пайдалану

6. Сұйық азотқа арналған ыдысты пайдалану

7. Сұйық азотты айдауға арналған сорғыны пайдалану

8. Қорытынды жұмыстар

9. Сұйық азотпен улану және күю кезінде алғашқы көмек

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Ұңғымаларды игеру үшін газ тәрізді агент ретінде мақсатты түрде азот пайдаланылады. Жұмысты оңайлату үшін азотты сорғымен сұйық түрде айдайды және тасымалдайды, газ тәрізді түрге буландырғышта келтіреді.

Азот жарылыс қауіпті, улы емес, су мен мұнайда нашар ериді, ұңғыманың әдеттегі қалпында азот газ тәрізді түрде болады.

Азотты тасымалдау мен айдау үшін автомобильді газдандыру қондырғысын пайдаланады. Қондырғы автомобильде жөнделеді және сұйық азот үшін тиелген сорғы мен буландырғышты резервуардан тұрады.

Қондырғы сұйық азотты пайдалану орнына жеткізеді, оны қондырғы буландырғышында газдандырады және оны қабатқа береді.

Қондырғы газ тәрізді азот бойынша 22 МПа (220 кгс/ см²) қысым кезінде 6 м³/мин шамасында өнімділігі болады. Сұйық азот көлемі 5,5 м³, газдандырудан кейін - 3500 м³ шамасында, газ тәрізді азот температурасы 283 ºК (10 ºС) - 303 ºК (30 ºС).

 

 

2. Дайындық жұмыстары

 

1. Газдандыру және басқа қондырғылардың орналасу орны алдын ала дайындалған, коммуникацияны төсеу мен орнатуға кедергі келтіретін бөтен заттардан босатылған.

2. Газдандыру қондырғысы ұңғыма сағасынан 25 м жақын емес, жел жағынан көлденең алаңда орнатылады.

Газдандыру және басқа қондырғылар астынан алдыңғы және артқы жақтан оларды жүктемелі жұмыс кезінде ауысу мүмкіндігін болдырмайтын тіреулер қойылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.