«Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 Қаулысы (күші жойылды)

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 435 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 45) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдалану, қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген зиянды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 796 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 15 ақпандағы

№ 139 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың

мөлшерін айқындау қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағида меншік нысанына қарамастан, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.