(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 8 АҚПАНДАҒЫ № 387-II ЗАҢЫ

Төтенше жағдай туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387-II Заңы

(2010.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң төтенше жағдайды Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгізудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртібін белгілейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті жердің коменданты - Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, төтенше жағдай енгізілген жердегі комендатураның қызметіне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін күштер мен құралдарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;

2) жергілікті жердің комендатурасы - төтенше жағдай енгізілген жерлерде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Президенті құратын уақытша арнаулы орган;

3) коменданттық сағат - арнайы берілген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық жерлерде не үйлерінен тысқары жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулік мезгілі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.