(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 13 МАМЫРДАҒЫ № 415-II ҚР ЗАҢЫ

Акционерлік қоғамдар туралы
2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2011.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді ;  2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1) айқын басым көпшілік - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;

2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығарылым проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.