Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау және қолдану тәртібін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 36 Бұйрығы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқарамасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 4 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын анықтаудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1) «Қазақстандық қор биржасы» ашық қоғамы таңертеңгі (негізгі) сессиясында (бұдан әрі - сессия) сауда-саттық өткізілетін (өткізілген) шетел валюталары бойынша шетелдік валюталардың нарықтық бағамы Алматы уақытымен сағат 11-00 жағдай бойынша сессияда қалыптасқан шетел валюталарына қарағанда теңгенің орташа мөлшерлі биржалық бағамы ретінде анықталады;
2) осы бұйрықтың және қаулының қосымшасында көрсетілген сессияда сауда-саттық өткізілмейтін (өткізілмеген) шетел валютасы бойынша валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы «Reuters» ақпараттық агенттігінің арнасы бойынша алынған сұраныстық бағалауға сәйкес Алматы уақытымен сағат 15-00 жағдайы бойынша қалыптасқан АҚШ долларына қарағанда кросс-бағамдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.
2. Осы бұйрықтың және қаулының 1-тармағына сәйкес анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы сессиядағы сауда-саттық өткізетін күннен кейінгі күні қолданылады.