«Сот ҚК-нің 52-бабының жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы талаптарын басшылыққа алмай, оған тым қатаң жаза тағайындаған» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 2уп-250-10 Қаулысынан үзінді

Сот ҚК-нің 52-бабының жаза тағайындаудың жалпы негіздері туралы талаптарын
басшылыққа алмай, оған тым қатаң жаза тағайындаған
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау
сот алқасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 2уп-250-10 Қаулысынан үзінді

 

Ақтөбе қалалық № 2 сотының 2010 жылғы 25 ақпандағы үкімімен С. бұрын сотталмаған:

ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі арқылы 96-бабының 1-бөлігімен 12 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 12 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған.

Осы үкіммен А. ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігімен 13 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, ол жөніндегі сот қаулыларына наразылық келтірілмеген.

С. екі оқ дәрімен оқтаулы шолақ мылтықты заңсыз сатып алып, П.-ның туған күні өткізіп жатқан үйге қарама қарсы үйдің ауласына тығып қойғанын А.-ға айтқаны және А.-ның жәбірленуші Қ.-ны қасақана өлтіруіне көмектескені үшін кінәлі деп танылған.

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен сотталған С.-ға қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Прокурор сот үкіміне келтірген наразылығында сотталған С.-ның әрекеті дұрыс дәрежеленбеген, С. алдын ала тергеуде, сот тергеуінде де А.-ға мылтық жайында айтқанын жоққа шығармай, А.мен оның арасында адам өлтіру туралы ешқандай алдын ала келісім болмағанын, А.-ның Қ.-ны өлтіру ниеті кенеттен пайда болғанын көрсеткен, сот оның уәждеріне жеткілікті назар аудармаған деп санайды. Сондықтан С.-ға қатысты үкімді өзгертіп, ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 96-бабының 1-бөлігі бойынша үкімді бұзып, қылмыстық істі өндірістен қысқартып, оны ҚК-нің 251-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға соттауды сұраған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.