Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 17-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі (бұдан әрі - кесте) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгенінен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпаратты жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 15 ақпандағы
№ 17-ө өкімімен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесі
(іске асыру мерзімі: 2011 жылғы ақпан - желтоқсан)
Кесте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы туралы мақалалардың, пікірлердің, түсіндірмелердің, сұхбаттардың, сюжеттердің және теле-радио бағдарламаларының жариялану тәртібін үйлестіреді.