(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.13.12 № 408/54-IV...

Астана қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 408/54-IV Шешімі

 

Осы редакция 2011 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласының 2011-2012 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 220 000 778 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 67 297 309 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 447 763 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 8 315 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 143 940 706 мың теңге;

2) шығындар - 213 077 386 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру - (-636 968) мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 636 968 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 450 360 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 450 360 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 7 110 000 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (-7 110 000) мың теңге;

7) қарыздар түсімі - 790 000 мың теңге;

8) жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы қарызын өтеу (-7 900 000) мың теңге.

2. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу:

бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.