(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ...2010...

2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешімі

 

Осы редакция 2011 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1. 2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 28 498 859 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 19 459 464 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 25 225 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 013 967 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 8 000 203 мың теңге;

2) шығындар - 27 811 417 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 558 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 558 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет профициті - 699 000 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану - - 699 000 мың теңге, оның ішінде:

қарыздарды өтеу - 699 000 мың теңге.

2. 2010 жылға арналған қала бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері келесідей мақсаттарға қарастырылғаны ескерілсін:

білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге - 215 000 мың теңге;

ВИЧ жұқтырған балалары бар отбасыларға сәбиге қарау бойынша ай сайынғы өтемақы төлеуге - 15 208 мың теңге;

қаланы абаттандыру шығындарына - 2 249 985 мың теңге;

жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге - 2 093 мың теңге;

қаладағы сәулет және қала құрылысы бойынша егжей-тегжейлі жобаларды әзірлеуге - 136 314 мың теңге;

қала жолдарын орташа жөндеуге - 2 400 005 мың теңге.

2010 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері келесідей мақсаттарға қарастырылғаны ескерілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.