Ядролық материалды физикалық қорғау туралы
конвенция
(Вена, Нью-Йорк қ., 1980 жылғы 3 наурызда)
Осы редакция 2005 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
22.12.04 ж. № 17-III ҚР Заңымен Қазақстан Республикасы осы Конвенцияға қосылды
Конвенция 2005 ж. 2 қазанда ҚР үшін күшіне енді
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
барлық мемлекеттердiң атом энергиясын бейбiт мақсаттарда дамыту және қолдану құқығын және олардың атом энергиясын бейбiт мақсаттарда қолдану нәтижесiнде ықтимал пайда алуға заңды мүдделілiгiн мойындай отырып,
атом энергиясын бейбiт мақсаттарда қолдану саласында халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету қажеттігiне қол жеткізе отырып,
ядролық материалды заңсыз басып алу және пайдалану нәтижесіндегі ықтимал қауiптi болдырмауды тiлей отырып,
ядролық материалға қатысты құқық бұзушылықтың елеулi алаңдаушылықтың нысанасы болып табылатындығына және осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау мен анықтауды және ол үшін жазалауды көздейтін тиiстi және тиiмдi шаралар қабылдаудың өткір қажеттiгi бар екендігіне өз жеткізе отырып,
әрбiр қатысушы мемлекеттiң ұлттық заңдарына және осы Конвенцияға сәйкес ядролық материалды физикалық қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар әзiрлеу мақсатында халықаралық ынтымақтастық қажеттігін сезіне отырып,
осы Конвенцияның ядролық материалды қауіпсiз орын ауыстыруға ықпал етуге тиiстігіне өз жеткізе отырып,
ядролық материалды физикалық қорғаудың оны елдiң өз iшiнде пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде де маңызды екендігін атап көрсете отырып,
әскери мақсаттар үшін пайдаланылатын ядролық материалды тиiмдi физикалық қорғаудың маңыздылығын мойындай отырып, және ондай материал қатаң түрде физикалық қорғауда тұрғанын және сол күйiнде қала беретінін түсiне отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
Осы Конвенцияның мақсаты үшін: