Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 Қаулысы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2025.24.12. № 105 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 46 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.21.09. № 108 Қаулысымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2022.17.09. № 81 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.19.12. № 122 Қаулысымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.12. № 105 Қаулысымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.27.03. № 46 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.21.09. № 108 Қаулысымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда