(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) IV САЙЛАНҒАН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХХХІV...2...

2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 374 шешімі

(2011.18.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 4 желтоқсан 2008 жылғы Бюджет кодексіне, 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXVI сессиясының 2011.18.01. № 394 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2011-2013 жылдарға арналған Алматы қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін, оның ішінде 2011 жылға келесі көлемдерде:

1) кірістер - 254 812 899 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 176 653 200 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 872 300 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 538 000 мың теңге;

трансферттердің түсімдері-75 749 399 мың теңге;

2) шығындар - 271 712 412 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - - 50 000 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 548 015 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 3 548 015 мың теңге;

5) бюджет профициті - - 20 397 528 мың теңге;

бюджет профицитін пайдалану - 20 397 528 мың теңге.

2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:

- жеке табыс салығынан;

- әлеуметтік салықтан;

- заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

- жер салығынан;

- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;

- бірыңғай жер салығынан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.