Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы
Осы редакция 2011 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа берілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің түсініктемесін қара
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына сай келетін тыныс-тіршілігі инфрақұрылымын қалыптастыру, сонымен қатар қолайлы қоршаған орта жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.