«Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі туралы» Қазақстан Респубоикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 397 бұйрығы

Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмi туралы
Қазақстан Респубоикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы
 № 397 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437, 439-баптарына сәйкес, «Медком-МП» жауапкершілігі шектеулі қоғамының зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау туралы, «E.I. du Pont de Nemours and Company» («Е.И. дю Пон де Немур анд Компании») компаниясының зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау мәліметтеріне өзгерістер енгізу туралы өтініштерінің негізінде, сондай-ақ «Парфюм-Топ» жауапкершілігі шектеулі қоғамының және «Корпорация «Держава» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау мерзімінің өтуіне байланысты, бұйырамын:

1. Зияткерлiк меншiк объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

00106/ТБ-211010 - 00114/ТБ-211010 тіркеу нөмірлерінің 6-бағанындағы «22.07.2011» деген цифрлар «26.11.2011» деген цифрлармен ауыстырылсын;

тіркеу нөмірлеріндегі 00096/ТБ-050210, 00099/ТБ-120510 зияткерлiк меншiк объектiлері алынып тасталсын;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес зияткерлік меншік объектілері қосылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Д.Қ. Төлемісов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ө.К. Бейіспековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.