«2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 38/389-IV шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2042-нөмірмен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 195-нөмірінде 2010 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 258 191 483 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 13 094 901 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 11 875 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 245 083 207 мың теңге;
2) шығындар - 256 151 145 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 6 793 429 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 7 503 883 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 7 835 069 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 7 835 069 мың теңге.»;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: