(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010.10....

2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешімі

(2011.23.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.23.02. № 37/381-IV шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 245 991 354 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 13 094 901 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 11 875 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 232 883 078 мың теңге;

2) шығындар - 242 866 471 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 5 725 429 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 6 435 883 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 710 454 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 3 081 978 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 3 081 978 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 5 682 524 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 5 682 524 мың теңге.

2. 2011 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:

Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 50 пайыз;

Шымкент қаласының бюджетіне - 65,5 пайыз;

облыстық бюджетке:

Шымкент қаласынан басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалық) 50 пайыз;

Шымкент қаласынан - 34,5 пайыз болып белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.