2011/2012 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 97 бұйрығы
(2011.31.10. берілген өзгерістермен)
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарындағы мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес 2011/2012 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2011/2012 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім беру қызметтерін ұсынатын жоғары оқу орындарын анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Б. Жұмағұлов |
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.31.10. № 452 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің