Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 Қаулысы
(2025.19.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2024.08.04. № 261 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.