(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2010...

2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешімі

(2011.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357 Заңына және «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011.28.01. № 324 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. 2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2011 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 19 795 744 мың теңге,

оның ішінде:

салықтық түсімдер - 12 509 028 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 160 125 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер - 668 000 мың теңге;

трансферттер түсімі - 6 458 591 мың теңге;

2) шығындар - 22 166 911, 8 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелеу - 0 теңге,

оның ішінде:

бюджеттік несиелеу - 0 теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 70 000 мың теңге,

оның ішінде:

қаржы активтерін алу - 70 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - - 2 441 167, 8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 441 167, 8 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.