«Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 397 Қаулысы (күші жойылды)

Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 397 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 675 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бек ітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарттар дайындау және жасасу кезінде тізбені басшылыққа алсын.

3. «Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы № 645 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 203-құжат).

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.