Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1045 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 6 қарашадағы № 1045
қаулысымен бекітілген
Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және ескерткіштердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларға тарих және мәдениет ескерткіштеріне (бұдан әрі - ескерткіштер) қорғау міндеттемелерін беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қорғау міндеттемесі - тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу сәтіндегі жай-күйі және меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп ұстау шарттары тіркелетін құжат;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.