Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 5 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 -2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Миссиясы. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік-коммуникация кешенін дамытудың озыңқы қарқынын қамтамасыз ету және көліктік қызметтегі экономика мен халықтың қол жетімді және сапалы көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының тиімді мемлекеттік саясатын қалыптастырады және жүргізеді.
Пайымдауы. Экономика мен халықтың көлік қызметіне қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті көлік-коммуникация кешені.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
1. 1-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту
1.1) Реттелетін саладағы немесе қызмет аясының негізгі даму параметрлері
Темір жол саласы
Қазақстан темір жолының пайдалану ұзындығы 14,3 мың км құрайды (оның ішінде екі жолды желілер - 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер - 4,1 мың км (29%), тығыздығы - 1000 шаршы км-ге 5,5 км, жүктелімдігі - км-ге 24,2 млн. тонна-км -ді құрайды.