Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау
жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы № 440/59-IV Шешімі
(2015.23.09. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы мәслихатының 2015.23.09. № 413/57-V шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 «Вечерняя Астана», 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:
10-тарауының атауы келесі редакцияда жазылсын:
«10. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарларды және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала аумағын ашуға байланысты жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, құрылымдарды және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі»;