«2011 жылдың көктемі-күзінде 1984-1993 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 734 Қаулысы (2011.15.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

2011 жылдың көктемі-күзінде 1984-1993 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 734 Қаулысы

(2011.15.08. берілген өзгерістермен)

 

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігі аппаратының басшысының 2012 жылғы 20 наурыздағы № 05-11/599 хатымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 23 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жасқа толған және мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.

2. Қалалық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.