(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 2007.11.05 № 1 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 1 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы заңдарының өзгеруіне байланысты және адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.

2. Қылмысты бірнеше адам жасаған кезде олардың арасында қылмыс жасауға алдын ала сөз байласу болған-болмағанын, рөлдері бөлінген-бөлінбегенін, қылмыс жасалған кезде олардың әрқайсысының қандай әрекеттер жасағанын, сондай-ақ барлық өзге де мән-жайларды анықтап, солардың негізінде адамдардың топ болып, алдын ала сөз байласу бойынша топ болып немесе ұйымдасқан топ болып әрекеттер жасағандары туралы қорытынды жасау және жауаптылыққа тартылған адамдардың әрқайсысының қатысу нысанын айқындау, олардың әрекеттерін жеке-жеке саралап әділ жаза тағайындау қажет.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.